8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2021 2257 0
Қоғам

БҚАТУ ТҮЛЕКТЕРІ КӘСІБИ ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін 2020-2021 оқу жылында бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсімдері басталды. 1 шілде  күні  «Политехникалық инстиутты» тәмамдаған 156 білім алушы қолдарына дипломдарын алып, өмірдің келесі кезеңіне қадам басты. Бұл туралы университттетің медиа-орталығы хабарлады.

Түлектерді қуанышты сәттерімен құттықтаған БҚАТУ басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов: – Сіздер үшін бүгін – өте маңызды күн. Сіздер ең қызықты студенттік жылдарды артқа тастап, кәсіби өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Осы күннен бастап сіздер – ата-аналарыңыз, ұстаздарыңыз, жалпы еліміз үлкен сенім артып отырған білімді де білікті мамансыздар. Болашақта қай аймақта, қай салада қызмет атқарсаңыздар да, сіздерді біріктіретін, қуаныш пен мақтаныш сезімін сыйлайтын – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегі деген ортақ атау, – дей келе, білім алған оқу ордаларының абыройын төмендетпеуге шақырды.

Түлектерді институт директоры Жанна Құбашева мен жоғары мектеп жетекшілері де құттықтап, ақ жол тіледі.

Салтанатты кеш барысында жастар саясатын дамытуға өз үлестерін қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан түлектер БҚАТУ басқарма төрағасы-ректор А.Наметовтің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен бірге «Үздік диплом» иегерлерінің есімдері аталып өтті.

Политехникалық институтта «Аграрлық техника және технология», «Көлік техникасы және технологиялары», «Көлікті пайдалану», «Жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша білім алған түлектерге «Техника және технологиялар бакалаврі», «Ауыл шаруашылығы бакалаврі», «Қызмет көрсету саласындағы бакалавр» академиялық дәрежелері берілді. Институт түлектерінің қатарында Президенттік шәкіртақы иегерлері – Айнаш Олжабаева мен Алина Ильясова бар.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ – еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Биыл университетті «бакалавр» дәрежесі бойынша барлығы 905 студент бітірді.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»