ВАКЦИНА АЛҒАН СТУДЕНТТЕР ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІККЕ ИЕ БОЛАДЫ?
Университеттер білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша ЖОО-дағы студенттер арасында коронавирусқа қарсы вакцина алу акциясын бастайды, деп хабарлады inbusiness.kz.
COVID-19-ға қарсы екпе алған студенттер оқуға, жатақханада тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады.
«Осылайша, жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялау қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды. Студенттер ғана емес, жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық ынталандыруға ие болады», – деп жазылған білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгінде Лев Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ, Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аталған акцияны қолдауды бастап кеткен.
Бірқатар жоғары оқу орны студенттер үшін жеңілдіктер, сауықтыру шипажайына тегін жолдама, тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондарын қарастырған.
«Сондай-ақ жоғары оқу орындары вакцина алған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ал екпе салдырған кейбір университеттердің студенттері фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады», – деп жазылған хабарламада.
Аталған жоғары оқу орындарының оқытушылары да назардан тыс қалмайды. Олар қосымша ақы немесе ақылы демалыс алады.
«Вакцинация мәселелері мен оның шешілу жолдарын жоғары оқу орындарының өздері қабылдайды. Министрдің тапсырмасы бойынша студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға шақырып, ынталандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Басқа жоғары оқу орындарын да вакцинацияны қолдау шарасын ұйымдастыруға шақырамыз. Себебі, бұл коронавирустың таралуын тоқтатудың жалғыз жолы», – деді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу