8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2021 1748 0
Жалын

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІ ОҚУШЫ АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ ҰТЫП АЛДЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған ұлағатты ұстаз, КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы бойынша республикалық олимпиадада  облысымыздың қос шәкірті жүлделі орындарды иемденіп, ақшалай сыйақы ұтып алды. Олардың  екеуі  де С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының білім алушылары. Білім бәйгесі бүгін, 19 мамыр күні  ZOOM платформасында онлайн режимінде  өтті.

Республикалық Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, олардың ғылыммен айналысуға деген ынтасын арттыру. Оған Қызылорда облысы оқушыларымен қатар еліміздің басқа да өңірлерінен, атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Шымкент қаласынан   9-10 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада қатысушылары екі кезеңдегі сынақтан өтті. Бірінші  кезеңде қатысушылар ZOOM платформасына қосылып, Google Форма арқылы жасалған тестке онлайн жауап берді.  Турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 9-сыныптан сегіз және 10-сыныптан сегіз қатысушы қорытынды кезеңге жолдама алды. Екінші бөлімге өткендер Power Point бағдарламасында жасалған деңгейлік тапсырмаларға онлайн жауап беру арқылы ұпай жинап, қорытындысы бойынша жоғары балл жинағандар жүлделі орындарды иемденді.

І, ІІ және ІІІ жүлделі орын алған жеңімпаздарды ұйымдастыру комитеті дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапаттады. Олардың екеуі – батысқазақстандық оқушылар. Атап айтқанда,  10-сынып оқушылары арасында  С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Назерке Сүйеніш  жүлделі І орын алып,  100 000 теңге қаржылай сыйақы иеленді.

Ал 9 сынып оқушылары арасында  Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Аружан Мырзағали
жүлделі 2 орын иегері атанып,  70 000 теңгелей қаржылай сыйақыға ие болды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»