БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ IQANAT ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Республикалық олимпиада биыл Қапшағайда 7-11 мамыр аралығында өтті. Олимпиаданың қорытындысында батысқазақстандық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat республикалық бағдарламасы – қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты – ауыл мектептерінің оқушыларын іргелі, ұлттық оқу орны және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру. Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғары оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.
Қапшағайда ұйымдастырылған республикалық IQANAT олимпиадасында еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы қатысты. Білім додасына Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 47 оқушының 12-сі жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтар болсақ, батысқазақстандық 9 оқушы Бурабайдағы IQANAT мектебіне грант ұтып алса, 2 оқушы edu.iqanat.kz платформасындағы олимпиада жүлдегерлері атанып, 1 оқушы тіл мамандығы бойынша жеңімпаз атанды.
Грант ұтқан оқушылар қыркүйек айынан бастап Бурабайдағы IQANAT мектебінде білім алатын болады. Сонымен қатар облысымыздан 12 оқушы резервте тұр.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу