СЕНБІ КҮНДЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА КЕЗЕККЕ ТҰРУ
Қазіргі уақытта карантиндік шектеу шараларына байланысты барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде Орал қаласы мамандандырылған ХҚО азаматтарды алдын ала электрондық брондау арқылы қабылдайды.
Брондаудың электрондық жүйесі – еліміздің барлық облыстарына бірдей қызмет ететін бірыңғай жүйе. Ал карантиндік шектеу шаралары әр облыста эпидемиологиялық жағдайға қарай әр қалай өзгеріп отырады.
ХҚО-ға кезекті электрондық түрде брондау уақыты аталмыш жүйеде сенбі күні сағат 18.20-ға (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) дейін деп көрсетілген, ал БҚО Бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі №11 қаулысына сәйкес ХҚО мен Орал қ. Мамандандырылған ХҚО-ның жұмыс кестесінде өзгеріс бар. Атап айтқанда, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша), жексенбі – демалыс.
Осыған байланысты сенбі күндері ХҚО немесе Мамандандырылған ХҚО қызметіне жүгінер кезде 1414 немесе 109 байланыс орталықтары (қоңырау шалу тегін) арқылы бөлім жұмысының кестесін нақтылап алған жөн.
Еске сала кетейік, кезекті электронды түрде брондау www.egov.kz Электрондық Үкімет порталы, Telegram (бот-@kenes1414bot), eGov mobile қосымшасы арқылы, 1414 немесе 109 байланыс орталықтарына қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу