8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2021 1964 0
Өзек

БҚО-ДА КИІКТЕР НЕДЕН ҚЫРЫЛУЫ МҮМКІН – МИНИСТРЛІК БОЛЖАМЫ

 ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 13 мамырында БҚО-ның Жәнібек ауданы Тау ауылы маныңда өлген 372 бас киік (басым бөлігі аналық туша) табылған (Киіктердің өліп жатқаны  түсірілген видео әлеуметіһтік желі қолданушылары арқылы таралды).

Оқиға орнына қажетті іс-шараларды жүргізу үшін шұғыл түрде облыстық Экология департаментінің, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясының, облыстық Ветеринария басқармасының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тартылған.

«Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел штабы құрылды. Болжам бойынша киіктердің қырылуы сол мекендегі қолайсыз ауа райына (нөсерлі жауын мен найзағай) байланысты болуы мүмкін. Себебі, ұшаларда найзағай разрядынан зақымдану ізі байқалады. Құзырлы мемлекеттік органдардың зерттеу және қорытынды жұмыстары аяқталған соң, нақты нәтижесі қосымша хабарланады», – деп мәлім етті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
90 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»