СЕГІЗ ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ КОНЦЕРТ
14 қараша Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ақ Жайықтың сүйікті әншісі Еркін Өтегеновтің «Ән-арман» атты жеке концерті өтті. Әншінің шығармашылық кешіне облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Асхат Қажығалиев қатысты.

Киелі сахнаға жиі шығып жүрсе де, тіпті Республика сарайында Майра Ілиясованың жобасына қатысып, небір дүлдүлдермен бірге ән шырқаса да біздің Еркін 2010 жылдан бері жерлестеріне жеке концертін бермеген екен. Бұл жайында концерті басталар шақта өтінішімізді жерге тастамай шұғыл сұқбаттасқан әншінің өзі айтты.
- Арада сегіз жыл өтіп кетіпті. Осыдан сегіз жыл бұрын жеке концертімді оралдық көрермендерге ұсынған едім. Бүгін міне, қызу дайындықпен көрермен қауымға жеке репертуарымды тарту етемін. Концертімнің ел-жұрттың көңілінен шығарына сенемін. Себебі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен бірнеше әндер орындаймын. Оның ішінде қостанайлық сазгер Қазбек Дербісәлінің де әндері бар. Флейта аспабында «Көңіл назы» деген жаңа әнім көрермен жүрегіне жол тартпақ. «Камес-камер» вокальды аспаптарының сүйемелдеуімен де ән саламын. Шығармашылық өсу үшін халық арасында жаңа әндерімді насихаттап, паш етуді көптен армандап жүр едім. «Әннің де естісі бар, есері бар» деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, репертуарыма мағыналы, ойы терең, сөзі дәмді әндерді қосуды да ұмытпаймын. Менің тыңдармандарым орта буын, арасында жастар да бар, – деді Еркін Өтегенов.
15 жылдан бері Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда абыройлы еңбек етіп, Елбасының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, бірнеше алғыс хаттарды еншілеген, Қанатқали Қожақов, Мұрат Әмірханов сынды ағаларының ізі мен жолын жалғастырып келе жатқан Еркін Өтегеновті ән сүйер қауым жақсы көреді. «Оралдың сары баласы» деп еркелетіп айтады оны сыртынан бәрі. Осындай атақ – мақтауларға даңдайсып кетпей өзінің өнерін ғана жетілдіріп, өзін-өзі қамшылап, шын тұлпарлар ғана шабатын аламан бәйгеде үзеңгілестермен әндерін ғана жарыстырып келе жатқан талантты ұлымыз бұл жолы да оралдық бауырларына тамаша кеш сыйлады.
Кеш шымылдығын А.Маемировтың сөзіне жазылған, Е.Нұрымбетовтың «Оралым» әнімен ашқан әнші қаламгер аға-апаларының сөзіне жазылған Жаскелең Ғайсағалиев, Қуаныш Қисметов, Ерболат Досболатұлының «Ақ Жайық», «Әке», «Жан самалы», «Жұмбақсың» секілді бірнеше әндерді шырқады. Еркіннің шашбауын айтыс ақыны Айнабек Бисенғалиев, күйші Ақылбек Бектасов, қобызшы Гауһар Жанғалиева, дауылпазда ойнаған Фараби Мергенғалиевтер бір көтеріп тастады. Көркемсөз шебері Ақбөбек Қайыржанова «Өнердің баласымыз» атты ақын Дариға Мұштанованың монологын жатқа оқыды. «Құлақтан кіріп бойды алған» ән кешін «Назерке», «Салтанат», «Step-up» би топтары ажарландыра түсті.
Сары баласын киелі сахна төрінен жиі көріп жүрсе де өнерге басын иген батысқазақстандықтар сағынып қалған екен. Сегіз жыл аз уақыт емес, әрине. Сосын да шығар, Еркіннің құшағы гүлге толып, жерлестері батасын жаудырды. «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел-дағы қайдан алсын кемеңгерді» демекші, күн сайын думан-тойларда, мерекелік кештерде жанымызда ән шырқап жүрген Еркін Өтегеновтің мерейін үстем етті бұл кеш.
Қашанда қанаты талмай жетіліп, шыңдалып, еңбегімен көкке өрлеген әнші ұлдарына шалқар шабыт пен амандық қана тіледі деді әсем әнге сусындаған қалың елі.
Мира ХАМЗАҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу