8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2021 3699 0
Жалын

ОРАЛДА БАУ-БАҚША ӨСІРУ ЛАГЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін, 8 мамыр күні балаларды еңбекке тәрбиелейтін жаңа лагерь салтанатты  түрде бастау алды. 

«Жасыл желек әлемінде» атты бау-бақша лагері  БҚО әкімі Ғ.Есқалиев ұсынған «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында қолға алынып отыр. Осы орайда қала әкімдігінің  қолдау көрсетуімен Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты  «Арай» комьюнити орталығы ауласынан (Ет комбинаты ауданындағы орналасқан) арнайы орын дайындалған. Мұнда аула клубтары мен  комьюнити орталық тәрбиеленушілері  еңбек етпек.

Жаңа лагерьдің ашылуына қала әкімінің орынбасары  Ерлан Ғалиев қатысты. Шарада  балаларды жазғы демалыс кезеңіндегі бос уақыттарын еңбек лагерінде тиімді пайдалануға шақырып, игі бастамаға сәттілік тіледі.

Бүгін бақшаға қарбыз, қауын, қызынақ, қияр, аскөк, ақжелкен, баялды, сәбіз  сынды көкөністер егілді.

Қалалық Мәдени-ағарту бірлестігі директорының орынбасары Бекей Қанатовтың сөзінше, лагерьде 48 бала қамтылады. Олар кезекшілікпен мамыр-тамыз айлары аралығында бақшаны күтіп-баптаумен айналысады. Ал күзде өнімдерді өздері бөлісіп алмақ.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
100 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
340 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
333 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»