8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2021 1702 0
Қоғам

АРДАГЕРЛЕРГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тапсырыстарына сәйкес дәрі-дәрмектер жеткізілді. Сондай-ақ мерекеге орай естелік сый жасалды. Мұндай мерекелік құттықтау қала әкімдігі мен қаламыздағы «Талап» АҚ-ның бастамасымен іске асырылды.

Бұл күні жалпы алты ардагерге тапсырыстары жеткізілді. Ардагерлер ерекше ілтипатпен дәрілерді табыс еткен меймандарға алғысын айтты.

– Шын жүректен алғысымды айтамын. Келгендеріңіздің өзі үлкен мәртебе. Отанды қорғау жолында қасқая тұрған жауынгерлерді  ұмытпағандарыңыз үшін рахмет,  – деді майдангер Борис Шолубай.

Ұлы Отан соғысының ардагері Борис Шолубай 1924 жылы 13 ақпан күні Украинаның Винница облысына қарасты Немиров қаласында өмірге келген. Соғыс жылдарының бастапқы кезеңінде Луганск маңындағы қырман жұмысына жіберілді. Одан кейін Днепр өзені бойындағы құрылыс нысанында жұмыс істеді. Ал майданға жолдастарымен бірге өзі сұранып барған. Көп уақыт өтпей Запарожьені алу майданында ауыр жараланып, дала госпиталінде  ем алған. Одан соң Венгрия аумағындағы соғыста тағы да ауыр жараланады. Ал 1945 жылдың ақпанында аға лейтенант шенімен елге оралған екен. Бүгінде 97 жасты алқымдаған ардагердің жағдайы жақсы, әр сөзі нық.

Бүгінде Орал қаласында Ұлы Отан соғысының 28 ардагері тұрады. Жергілікті әкімдік тарапынан олардың  жағдайлары ұдайы бақылауда және қажетті көмектер көрсетілуде. Мәселен, қазіргі уақытта қаладағы барлық соғыс ардагерлерінің үйлеріне меценаттардың демеуімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенованың айтуынша, жөндеу-жаңғырту жұмыстары әр ардагердің сұранысына қарай жасалуда.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
92 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
125 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
223 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
202 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»