ОРАЛДА «БАТЫСТЫҢ БАТЫР ҚЫЗДАРЫ» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
5 мамыр күні қалалық көрме залында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Батыстың батыр қыздары» онлайн көрмесі ашылды. Аталған шара сауда үйлерінде жалғасын тапты. Көрме Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміннің Мәдени-ағарту бірлестігі және «Жұлдыз» комьюнити орталығының ұйымдастыруымен өтуде.
Қалалық көрме залында ашылған шара батыр қыздарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев батыр қыздардың ерлігі ел жадында мәңгілік сақталатынын айтып, мерекеге орай алдағы күндері өтетін шаралардан да хабардар етті.
Салтанатты шараның қонағы М.Өтемісов атындағы БҚУ -дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Ұлы Отан соғысына қатысқан БҚО қазақ қыздары» монографиясының авторы Бақтылы Боранбаева батыр қыздар өмір жолдары әлі де зерттелуді қажет ететін тарих екенін және олардың даңқты жолын болашаққа жеткізу ұрпаққа аманат екенін тебірене айтып өтті.
«Жұлдыз» комьюнити орталығының үйірме жетекшісі Орынбек Меңдіқұл ержүрек әпкелердің ерлігін жырына арқау етті.
Жауынгер қыздар ұлықталған көрме «Бәйтерек» комьюнити орталығының тәрбиеленушісі, халықаралық «Славян базары – 2021» байқауының финалисті Әлинұр Хамзинның орындауында «Шығыстың қос жұлдызы» атты әнімен тәмәмдалды.
«Батыстың батыр қыздары» атты көрмесі 6-шы шағынаудандағы Azia Mall сауда үйіне қойылды. Оралдықтар мен қала қонақтары бұл жердегі көрмені 8 наурыз кешкі сағат 17.00-ге дейін тамашалап, батыр апаларымыздың өмір жолы туралы деректермен таныса алады. Ал 10 мамырдан бастап бұл көрме Атриум сауда үйінде көпшілік назарына ұсынылады.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру

Пікір үстеу