М.БЕРГЕН: «ЗАЧАГАНСК» АТАУЫН ӨЗГЕРТЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ»
Орал қаласына қарасты Зачаган кентінің атауын өзгерту мәселесі көтерілуде. Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Камал Құбашевтың айтуынша, кейінгі жылдары тұрғындардан кенттің атауын өзгерту бойынша түскен ұсыныстарды негізге ала отырып, қалалық ономастикалық комиссияның жанынан құрылған жұмыс тобының отырысына Алаш, Жұбан, Бөкей хан атаулары жолданған. Осы орайда БҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген өз пікірін білдірді.

– «Зачаганск» атауын өзгертетін уақыт жетті. Бұл – Орал қаласының іргесіндегі «Зачаганск» кенті тұрғындарының көптен бергі арманы. Бұл мәселені жиі көтеріп жүрміз. Осы елдімекеннің тұрғыны ретінде Бөкей ханның есімі кент атауына лайық деп білемін. Оның қазақ елі үшін қалдырған ізі орасан. 1801 жылы Еділ мен Жайық ортасындағы жерді алуға рұқсат алған адам. Бұл үлкен тарихи оқиға. Бөкей ханның көрегендігі мен білімділігінің арқасында осы алып жерді иелендік. Осы сын сәтте елдігімізді көрсететін кез келді. Соңына елеулі із қалдырған тұлғаны елемесек, бұл – біздің қазақтығымызға сын, – дейді ардагер.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу