8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2021 2183 0
Қоғам

БЕРЕКЕЛІ РАМАЗАН КЕРУЕНІ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде «Берекелі рамазан керуені» марафоны бастау алды. Аталмыш марафон Бөрлі ауданында жалғасын тапты. Бұл туралы Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Аудандық мешіт пен «Берекелі жамағат» еріктілер қорының ұйымдастыруымен ауданның солтүстігінде орналасқан Бөрлі, Қанай, Пугачев, Бумакөл, Приураль, Жарсуат елдімекендеріндегі аз қамтылған, көп балалы 30 отбасыға қайырымдылық қораптары таратылды.
Қайырымдылық керуені Рамазан айының соңына дейін барлық ауылдық округтегі және Ақсай қаласындағы аз қамтылған отбасыларға жалғасын табатын болады.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Мәида» сүресінде: «Өздеріңді Аллаға жақындататын ізгі істерде, тақуалықта бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар», – десе, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең қайырымдысы – өзгеге пайдасын тигізгені» деген. Мінекей, «Зекет және қайырымдылық» қоры мамандары мен өңірлердегі имамдардың арқасында Рамазан айында күн сайын үздіксіз қайырымдылық іс-шаралары өтуде.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»