8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2021 1320 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНУЫ МҮМКІН БЕ

Қазақстан 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды.

«Қазір көптеген өндіруші вакцинаның балаларға әсерін зерттеп, тестілеу жүргізуде. Зерттеу нәтижелеріне қарай біз қосымша талдау жасап, аталған санатты вакциналауға қосу мүмкіндігін бағалаймыз», – деді Шоранов брифингте.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егілмейді.

Республикада вирусқа қарсы вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Вице-министр Шорановтың айтуынша, бүгінге дейін «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті 435 мың адамға егілген, екіншісі 107 мың қазақстандыққа салынды.

Сәуір айының соңына дейін өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 910 мың дозасы жеткізіледі. Бұдан бөлек, басқа өндірушілерден 500 мың доза және отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы түседі.

Министрлік осы жылдың қыркүйегіне дейін 10 миллион адамды вакциналауды көздеп отыр.

https://sputnik.kz/society/20210414/16798053/balalar-koronavirus-vaktsina.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»