ҒАРЫШ ПЕН ӘЛЕМНІҢ ШЕКСІЗДІГІ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІ ШАБЫТТАНДЫРАДЫ
12 сәуір –Дүниежүзілік авиация және косманавтика күні. Дәл осы күні 60 жыл бұрын Кеңес ғарышкері Юрий Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып, ғарыш кеңістігіне алғашқы қадам жасады.
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары физиканы тереңдетіп оқиды, инженерлік және авиамодельдеуге қызығушылық танытады. Ғарышты, астрономияны және авиацияны, сондай-ақ ғарышкерлер мен ғарыш ғалымдарының өмірбаянын зерттеу жас зияткерлерді шабыттандыратыны таңқаларлық емес.
Мәселен, 12-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидін өндірісті қалай пайдаға асыруға болатынын зерттеді. Ақылбектің өзі жасақтаған химиялық реактор арқылы оттегі және метан алуға болатынын айтады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышқа отын ретінде пайдаланылады. Айта кетейік, аталған жобамен Ақылбек 2018 жылы өткен «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбына арналған ІХ Наурыз кездесулерінің жеңімпазы атанды.
– Әрине, қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов ағаларымыздың жоғары баға беруі, космонавтика саласының халықаралық сарапшысы Майкл Лутомски және NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапанмен кездесуіміз зор әсер сыйлады. Космос пен Әлемнің шексіздігі ғылымды зерттей түсуге шабыттандырады, – дейді Ақылбек.
Мектеп оқушылары Сания Мұхамбетқалиева мен Дильназ Уашева Python тілінде бағдарламалаумен айналысады. Олар кез келген уақытта планеталардың орналасуын шамамен дәлдікпен есептейтін күн жүйесінің 3D моделі планетарийі – AstroTravel қосымшасын жасады. Осы сандық өнімнің арқасында сіз күнді арнайы өрістерге енгізіп, Күн жүйесі планеталарының белгілі бір уақытта қай жерде болғанын немесе орналасатынын көре аласыз.
11-сынып оқушысы Эламир Қадырғалеев «COSMO-I» жобасында ғарыш ассисстентінің прототипін жасақтады. COSMO-I – жасанды интеллект жүйелерін бірыңғай жүйеге интеграциялау арқылы техникалық мәселелерді шешуге қабілетті бағдарлама. Ғарыш кемесінің бортында ассистент ретінде қызмет ететін жоба борттағы ақауларды анықтай алады. Жобада ғарыш кеңістігінде планеталарды, астероидтерді және метеориттерді тануға қабілетті жасанды интеллект үлгісі пайдаланылған, сондай-ақ ол магнит өрісінің, температураның және басқа параметрлердің әсерлерін есептейді.
– Байқоңыр ғарыш станциясында ғарыш зымыранының ұшуын өз көзіммен тамашалауға мүмкіндік алдым. Мектебіме осы сәт үшін шексіз алғыс айтамын, – дейді Эламир.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу