БҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖАНЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫ ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
7 сәуір күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Қаратөбе ауданының активімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі М.Т.Әнесов, БҚО әкімдігінің Әдеп жөніндігі уәкілі А.Р. Хайруллина, аудан әкімі Ж.А.Асантаев, аудан активі мен тұрғындары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.
20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу – жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы.
Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Ережеде де көзделген.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада орындауға міндетті талаптар мен шаралардың ауқымы өте кең.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі және т.б. мәселелер.
Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Мынатаубиік Әнесов ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін атап өтті.
Оған қоса А.Р.Хайруллина қатысушыларды мемлекеттік қызметкерлерге тән әдеп нормаларын сақтауға, ал «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Сәлиева жемқорлықпен қоғаммен бірлесе күресуге шақырды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу