БҚО-ДА ХАДИША ТЕАТРЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының 2021 жылдың 2 сәуір күнгі бұйрығымен Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры болып Нұржан Тасболатов тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға БҚО мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов таныстырды.
Нұржан Қадержанұлы 1973 жылы 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.
1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтынан білім алып шықты.
Еңбек жолын 1994 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда артис-инструменталист қызметінен бастады.
2002-2004 жылдары «Жастар мәдениет үйінде» МКҚК-да музыкалық студия жетекшісі;
2004 жылы «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК солисі;
2005-2009 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да музыкалық жетекшісі; 2009-2012 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары;
2012-2013 жылдары «Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де бөлім басшысы;
2013-2016 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы
орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары;
2016-2018 жылдары «Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Зеленов аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-на қарасты Дариян ауылдық мәдениет үйінің директоры;
2018-2019 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» МКҚК директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» МКҚК директоры қызметін атқарып келді.
ҚР «Мәдениет Майталманы» (2019), «Еңбек даңқы» медалінің иегері (2019).
Отбасында жолдасы, 1 ұлы, 2 қызы бар.
Осы кезге дейін Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры болған Салтанат Мақсотқызы Абулғазиеваның басқа жұмысқа ауысты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу