8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2021 1839 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА САНИТАРЛЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

1 сәуірден бастап Орал қаласында санитарлық тазалық екі айлығы жарияланды. Бүгін, 2 сәуір күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  қала әкімінің  орынбасары Мирас Мүлкәй  барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына  қатысуға шақырды. 

Орал қаласы әкімінің қаулысына сай қала аумағын тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі санитарлық-экологиялық айлығы 1 сәуірден басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Тазалық айлығын өткізу шеңберінде қалалық және аулаішілік аумақтар бойынша жұмыстарды жүргізу (көгалдарды жинау, ағаш пен бұталар отырғызу, балалар және спорт алаңдарын жөндеу, шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау), тұрғын үй қорын ретке келтіру (ғимараттардың цокольдері мен қасбеттерін жуу және жөндеу, есіктерін, күнқағарларын, кіреберістерін, баспалдақтарын, жертөле және шатыр үй-жайларын жөндеу), жол, әлеуметтік сала, өнеркәсіп, құрылыс объектілерін, қаланың коммуналдық кәсіпорындары тазалық жұмыстарын жүргізгеннен кейін, бұзылған абаттандыру элементтерін ретке келтіреді.  Бұдан басқа сенбілік барысында қала аумағын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту, құлаған ағаштардың үйінділерін бөлшектеу, құрғақ бұталар мен ағаштарды кесу және шығару, жалпықалалық аумақта көшеттерді әктеу және отырғызу сияқты жұмыстар орындалатын болады.

Көктемгі сенбіліктерді өткізу қаланың барлық инфрақұрылымын жазғы кезеңге кешенді дайындауға бағытталған. Осы орайда қала басшысының орынбасары Мирас Мүлкәй меншік иесіне қарамастан әр нысанның аумағын жинау, көгалдандыру, ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары жүргізлуі тиістігін атап өтті.

–  Қаланың тазалығы, келбеті үшін тазалық жұмыстарына  бір кісідей  атсалысуға шақырамын. Қазіргі уақытта магистарлды даңғылдар бойынша коммуналдық мекемелер  тазалауды бастады. Сондай-ақ олар даңғыл бойындағы ағаш түптерін қопсыту, әктеумен айналысады. Сенбіліктер барысында заңды және жеке тұлғаларға өкімдер беріледі. Өкімдер орындалмаған жағдайда штаб отырысының шешіміне сай  абаттандыру ережесінің сақталуына қатысты ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 505-бабына  сәйкес шара қолданылады, – деді Мирас Рүстемұлы.

Сенбіліктерді өткізу үшін қала сызбалық түрде жауапты 20 учаскеге бөлініп, әкімдік тарапынан жауапты тұлға бекітілген. Әрбір жауапты тұлға өз секторында ұйымдастыру іс-шараларын және учаскелерді бөлуді жүргізеді.

Жиналған қоқыс орталықтандырылған түрде «Жайық Таза қала» ЖШС және «Орал Таза Сервис» ЖШС күшімен қала көшелерінен шығарылады. Сенбілік өтетін күндері «Асан» карьерінде және Саратов тас жолы бойындағы полигондар қатты-тұрмыстық қалдықтарды және құрғақ қоқыстарды қабылдауды тегін жүргізеді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі  бөлімінің  басшысы Жандос Дүйсенғалиев сенбілік жұмыстарын жүргізу кезінде  қауіспіздікті сақтау, төтенше  жағдайдың туындауына жол бермеуді  ескертті.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»