БИЫЛ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 30,2 ШАҚЫРЫМ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ
Бұл туралы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаурашылығы басқармасы мәлім етті.

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте басқарма басшысының орынбасары Б.Мусин сала бойынш өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстармен бөлісті.
Спикер мәлім еткендей, Орал қаласында жалпы ұзындығы 225 шақырым жылу, 442 шақырым су, 362 шақырым кәріз және Ақсай қаласы бойынша 57 шақырым жылу, 174 шақырым су, 52 шақырым кәріз желілері бар. Бұл желілердің үлкен бөлігінің тозуына байланысты 2020 жылы әр түрлі қаржыландыру көздері есебінен бірнеше жобалар жүзеге асырылып, нәтижесінде 32 шақырым инженерлік желілер жаңартылды. Оның ішінде: 7 шақырым су құбыры, 20 шақырым кәріз, 5 шақырым жылу желілері жөнделіп, қайта жаңғыртылды.
Ал биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 30,2 шақырым инженерлік желілерді, оның ішінде 15 шақырым су құбырын, 9,3 шақырым кәрізді және 5,9 шақырым жылумен жабдықтауды жөндеу және қайта жаңарту жоспарлануда.
– Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде су бұру желілерін қайта жаңарту бойынша 2021 жылға ауыспалы жобалар іске асырылады. Бұл жобаларға Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі «ККС -19А қайта жаңғырту және КСС 19а-дан КОС қабылдау камерасына дейін су бұру желілерін қайта жаңарту» жобасына сәйкес биыл 5,4 км су бұру желілерін қайта құрылымдауды жоспарланып отыр. Нысан 2022 жылға ауыспалы. Осы жоба аяқталғаннан кейін Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде тұрақты және жайлы тұру қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ «Орал қаласының айналма кәріздік коллекторын қайта жаңарту. III-ші іске қосу кешені» биыл 200 метр су бұру желілерін қайта салуды жоспарлануда. Бұдан бөлек «Саратов трассасы бойынша д1000 мм қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту» жобасы биылғы жылы 2,8 км су бұру желілері қайта жаңғыртылады. 2021-2026 жылдарға арналған «Батыс су арнасы» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылы өз қаражаты есебінен 0,9 шақырым су бұру желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі, – деп мәлім етті Бейімбет Мусин.
Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Ақсай қаласының 10 шағынауданы Бестау су жинауына дейін резервтік магистральдық су құбырын салу құрылысы» жобасы бойынша ұзындығы 3,095 шақырым болатын объектіні іске асырыладыү 2021-2026 жылдарға арналған «Батыс су арнасы» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылы өз қаражаты есебінен 11,9 км су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.
«Жайықжылуқуат» АҚ-ның 2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы шеңберінде өз қаражаты есебінен 5,9 км жылумен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу