«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ КЕЗІНДЕ 1500-ГЕ ЖУЫҚ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫ АНЫҚТАЛДЫ
25-30 наурыз аралығында Орал қаласы аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын-алу шарасы ұйымдастырылды. Алты күндік шарада қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция бөлімінің инспекторлары көлік ағыны толастамайтын, көп сыйымдылықты көліктер қозғалысы орын алатын, көшелерде рейд жүргізді. Темір тұлпар иелеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп, автокөлік иелерінің ережені бұзғаны анықталды. Оларға белгіленген мөлшерде айыппұл салынды. Жол жүру ережесін бұзған жүргізушілер де тоқтатылды.

– Апаттылықтың жай-күйін талдауды есепке ала отырып рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтап, көлікті мас күйде басқарған 16 тұлғаға, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттырған 312 тұлғаға хаттама толтырылды. Жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 119 жүргізуші анықталды. Ұялы телефонмен сөйлесуді бақылауды күшейту нәтижесінде 56 жүргізушінің темір тұлпар тізгінінде келе жатып өзгелермен сөйлескені анықталды. Сонымен қатар сақшылардың назарына басып озып кеткен, қарсы бағытта жүрген жүргізушілер ілікті. Рейд кезінде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтпей, кез-келген жерден жолды кесіп өтпек болған, апат тудыруға себепкер болған 162 жаяу жүргінші жол ережесін бұзды. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістерден өтуі түсіндірілді. Алты күндік рейд барысында жол патрульдік жасақтарының жолдардағы тығыздығы арттырылды, – деп хабарлады Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.
Сондай-ақ жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды және басқа да құқық бұзушылықты анықтау мен жолын кесу бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен полицияның басқа да қызметкерлерін тарта отырып, қалаға жақын орналасқан Круглоозерное, Серебряков, Деркөл, Коминтерн, Желаев ауыл жолдарында рейдтік іс-шаралар жүрді. Көлік инспекциясы өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, такси жүргізушілері тарапынан орын алатын жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу үшін тексерістер ұйымдастырды.
Алты күн ішінде жол жүру ережесінің бұзылуына қатысты 1473 факті орын алды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу