8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Наурыз 2021 1874 0
Қоғам

«ҚАЗАВТОЖОЛҒА» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

30 наурызда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚФ басшылығының қатысуымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығына қатысты аяқталған қылмыстық іс бойынша ұсыным онлайн режимде қаралды.

Филиал басшылығы тарапынан Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Самараға)-Шымкент 196 шақырым автомобиль жолдары учаскесінің Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктін абаттандыру бойынша күрделі жөндеу объектісінің бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталмағанын ескере отырып, қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Алайда, қылмыстық істі тергеу барысында бюджет қаражатын игеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсынымдар әзірленді. Оның ішінде орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында орындалған жұмыстарды көзбен шолып белгілеу үшін бейнеаппаратураны міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды. Екіншіден, бюджет қаражатын бөлу мен жұмсаудың ашықтығын арттыру мақсатында орындалған жұмыстар актісіне «сырттай» қол қою практикасын алып тастай отырып, ресми интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылыс жұмыстарын қабылдау рәсімін жүргізу кезінде жұртшылықты тарту практикасын енгізу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін құру туралы мәселені қарастыру,  қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу ұсынылды.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
94 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»