ОРАЛДА 20 336 ТЕКШЕ МЕТР СУ СОРЫЛДЫ
Орал қаласы аумағынынан 648 714 текше метр қар тазартылып және 20 336 текше метр су сорылды.

Ағымдағы жылы қардың түсуі көп болуына байланысты «Жайық Таза қала» ЖШС екі аусымда жұмыс жасауда. Қала бойынша тәулігіне 50-ден астам су соруға арналған техника жұмыс жасайды. Қар шығару, су сору жұмысына жалпы саны 100-ден астам техника жұмылдырылған. Бұдан басқа қосымша 5 мотопомпа, 4 Андижанец, 4 су сору вакумы және 15 ПМ машина техникалары бар, 3000 құм салынған қап дайын. Бұдан басқа қосымша 15 тонна құм мен 3000 дана қап бар. Бүгінгі таңда 350 адам жұмыстануда.
Орал қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің мәліметінше, басқа да мекемелерден қосымша техникалар тартылып отыр.
-Су тасқынының алдын алу мақсатында «Жайық жылу Қуат» ЖШС-нен 4 адам, 2 су сору вакумы, «БатысСуарнасы» ЖШС-нен 10 адам, 5 су сору вакумы техникалары тартылды. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан су тасқыны қаупі туындаған кезеңге 1890 литр жанар-жағар май, 1900 литр дизель отыны, 3000 дана құм салуға арналған қапшық «Жайық Таза қала» ЖШС-не табысталды, – деді Жандос Дүйсенғалиев.
Қаладағы су ағар арықтары бойынша 4235 метрлік үлкен айналым мен 3521 метрлік кіші айналым 3521 толық тазаланд. Бүгінгі таңда қаламыздағы көшелер және суға кету қаупі бар аудандар толықтай тазартылды. Атап айтқанда, бұл 2-ші жұмысшылар ауданы, Жұлдыз ш/а, Солтүстік-Шығыс, Мясокомбинат аудандары.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу