8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2021 1671 0
Қоғам

ХАДИША ТЕАТРЫ ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТЕАТР ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Қырғызстан Республикасының ұлттық «ЭРГУУ» театр жүлдесіне ие болды.

27 наурыз – халықаралық театр күні қарсаңында Қырғызстанда ұлттық «ЭРГУУ» театр жүлдесінің иегерлері анықталды. Байқау онлайн форматта өтті. Шетелдік театр ұжымдары Шыңғыс Айтматовтың шығармаларының желісімен сахналанған спектакльдерін ұсынған. Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпарат бөлімінің хабарлауынша, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры Ш.Айтматовтың «Арманым – Әселім» (режиссері – Талғат Теменов, суретшісі – Мұрат Мамбетов) қойылымымен  Қырғызстан Республикасының ұлттық «ЭРГУУ» театр жүлдесіне ие болды.

Айта кету  керек, «Арманым – Әселім» спектаклі «Қырғыз авторының шығармасын ең үздік сахналаған шетелдік театр» номинациясында 2019 жылы сахналанған үздік қойылым атанды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»