8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2021 1705 0
Өзек

ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН КЕЗЕКШІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Ауа температурасының көтерілуімен, қар күрт еріп, кейбір ауыл-аудандардың облыс орталығына қатынасы қиындады. Әсіресе, жолаушылар Жәнібек, Сайхын бағыты жолында азап тартып келеді.  Осы ретте БҚО әкімі Ғали Есқалиев «Қазавтожол» мекемесі және Жәнібек  пен Бөкейордасы әкімдігіне жолдарда кезекшілік орнатуды тапсырды.

– Кезекшілер  жолда қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетуі  қажет және көмек көрсету үшін қажетті техника бөлінуі тиіс. Бұл – республикалық маңызды жол. Сондықтан «Қазавтожол» мекемесі өз жауапкершілігін сезінуі  керек. Әрине, аталған мәселе кеше пайда болмағанын бәріміз білеміз. Осы жолдарды жөндеуге  мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөлінді. Өкен жылы Қазталовқа дейінгі жол бөлігіне асфальт төсеу аяқталды. Ендігі кезек – екі  ауданға жол тарту. «Қазавтожол» мекемесі «Қазталов-Жәнібек-Өнеге-Бисен-Сайхын» бағыты бойынша 147 шақырым жолды жөндеуге биыл кіріседі. Аталған жұмысқа 20 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Жұмыс мамыр айында басталады. Жөндеу  тиісті деңгейде қадағалануы тиіс, – деді Ғали Есқалиев.

Сондай-ақ  еріген қар суынан қауіп болуы мүмкін Бәйтерек, Тасқала, Ақжайық, Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарының әкімдеріне Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қауіпті аймақтарды  зерттеп, тиісті шарларды қолға алу тапсырылды. Дәл осындай жұмыс қала аумағында да жүгізілуі керек.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»