8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 2596 0
Қоғам

Жайсаң АҚБАЙ: «ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ӨЗІ – ПАНДЕМИЯ»

Бүгін, 18 наурыз күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Парасат жолы» орталығында өткен кездесуде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою туралы пікірін өлкетанушы Жайсаң Ақбай осылай өрбітті. Жиынға өңірге жұмыс сапарымен келген республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

  – Орта ғасырда ұрылардың қолын кескен екен. Ұрлық мәңгілік масқаралық саналды. Қазіргі біздің қоғамда жемқорлық жасағандар түрмеге отырады. Олар халықтың сеебінен тамақтанады, жағдайлары жасалады – демалыс курортына айналды. Ол жерден шыққанда кезінде тығып кеткен байлықтың рахатын көріп өмір сүреді. Қатаң тәртіп жоқ. Ұры кітап оқымайды, олар тек арамдық, зұлымдықтың жолын біледі. Бізде жемқорлыққа бар жағдай жасалған. Қазір ел болып коронавирустық пандемиямен күресудеміз. Біздің  пандемия – жемқорлық. Оны жеңбей халықтың бақытқа, молшылыққа қолы жетпейді. Халықтың қаржысына қол салғандарды уақытша жазалаудың орнына қатаң жаза, тәртіп қою керек, – деді Жайсаң Ақбай.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»