ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАҚСАРМАСА, ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ
16 наурыздағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы жағынан «қызыл» аймаққа өтті. Осы күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі облыстық жеделштабтың отырысы өтіп, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, індетке қарсы вакцинациялаудың жүргізілуі мен мониторингтік топтардың жұмысы талқыланды.

Облыста коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болып тұр. Жыл басынан бері 4657 адамнан коронавирустық инфекция анықталған.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәліметінше, аурушаңдық жағдайының 70 пайызы – Орал қаласына тиесілі. Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарында да өсу қарқыны тіркелген.
– Эпидемиолог мамандар анықтағандай, үй ошақтарындағы қарым-қатынас арқылы инфекцияны жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр. Сондай-ақ қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда, көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы кезінде, медициналық ұйымдарда болған науқастардың арасында, жұмыста санитарлық талаптардың сақталмауынан инфекцияның таралуы төмендемей отыр. Өзге елден келген азаматтардың арасында да аурушаңдық тіркелді. Індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 2000-дай адам 1 наурыздан бастап медициналық бақылауға алынды, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Індеттің таралуын болдырмаудың амалы ретінде қабылданған санитарлық талаптарды бақылау мақсатында мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Қала әкімі Абат Шыныбеков шаһар бойынша 22 мониторингтік топ әсіресе жұма-жексенбі аралығында күшейтілген режимде бақылау шараларын жүргізетінін жеткізді.
– Наурыз айы басталғалы кафелер мен мейрамханаларда 11 бұзушылық фактісі тіркелді. Қазір дәмхана-мейрамханалар сағат 00.00-ге дейін жұмыс жасауда. Мониторингтік топтар бақылау шараларын жалғастыра береді. Десе де, өңірдің «қызыл» аймаққа енгенін ескере отырып, қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс уақытын 22.00-ге дейін қысқартуды ұсынамын, – деді қала басшысы.
Сондай-ақ көшеде, қоғамдық көліктерде, сауда жасау кезінде маска тақпайтындар немесе дұрыс тақпайтындар жиі кездеседі. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуі тиістігін, Наурыз мейрамына байланысты демалыс кезінде мониторингтік топтар жұмысы күшейтілуі қажеттігін айтты.
Штаб отырысын қорытындылаған өңір басшысы Ғали Есқалиев Үкіметтің отырысында эпидемиологиялық ахуал кеңінен талқыланғанын және бірқатар тапсырмалар жүктелгенін атап өтіп, атқарылуы тиіс шараларды нақтылады.
– Бізге түскен ақпарат бойынша білім нысандарында санитарлық талаптарға тиісті деңгейде бақылау жүргізілмей отыр. Кейбір мектептерде сыныптарды дезинфекциялау, мектеп қызметкерлерінің маска киюін сақтау, термометрия шаралары формальді түрде ғана жасалып жүр. Сондай-ақ халық арасында вакцина туралы дұрыс пікір қалыптастыру үшін ақпараттық түсіндірме жұмысы күшейтілуі керек. Қоғамдық көліктерде санитарлық талаптардың сақталмауы бойынша жұртшылық тарапынан көп ескертулер түсуде. Жүргізушілер мен кондукторлар жолаушыларды маскасыз мінгізбеуі керек. Күн сайын қоғамдық көліктерде мониторинг жүргізілсін және есебі берілсін. Мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып, автобус паркінің иелеріне, талаптарға сәйкес келетіндерге – оларды субсидиямен қолдау туралы шешім жасалуы керек. Егер санитарлық талаптарды сақтамайтын болса, субсидия бойынша бөлек шешімді қарауымыз керек, – деп түсіндірді Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ облыс басшысы Наурыз мейрамына орай мерекелік шараларды онлайн түрде ұйымдастыруды тапсырды. Карантиндік талаптарға байланысты нақты шешім бейсенбі, 18 наурыз күні шығарылмақ. Егер эпидемиологиялық ахуалдың қолайсыздығы жалғаса берсе, шектеу шаралары қатаңдатылады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу