БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ – БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ОҢТАЙЛЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ ЖҰМСАУДЫҢ НЕГІЗІ
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы 2020 жылы облыстық деңгейде жалпы сомасы 124 721 762 788 теңгеге 475 мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін, 12 наурыз күні өңірлік комуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Б.Ниетқалиева айтып берді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс нәтижелерін баян етті.
Іске асқан жетістіктер ретінде үш жылдық мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруды атап өтуге болады. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 2020-2022 жылдарға көпжылдық 10 жобаға мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Жобалар 3 жылдық мерзімге тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін және бюджет қаражаттарын үнемдеу үшін жүзеге асырылуда. Бұл жобалар бойынша көпжылдық өсімдіктер егу, азаматтардың қауіпсіздігі, әл-ауқатты арттыру үшін қалалық инфрақұрылымды жақсарту жүзеге асырылады.Басқарма басшысының сөзінще, аталған жобалар сапасыз жұмыс, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Төлем жұмыстардың, көрсетілген қызметтер нәтижесі бойынша жүргізіледі. Яғни, жұмыс істемейтін бағдаршам, өліп қалған өсімдік үшін төлем жасалмайды. Төлем жасау нәтижеге бағытталатын болады.
Тағы бір нәтижелі жұмыс – 2020 жылдың 1 қаңтары мен 1 қазаны аралығында мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру бойынша пилоттық жобаның іске асырылуы. Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің бастамасы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкімдігі пилоттық жобаны іске асырушы мемлекеттік органдардың тізбесіне енгізілген болатын. Пилот 4 орталық мемлекеттік орган (ҚМ, ӘМ, ИИДМ, АШМ) және 5 жергілікті атқарушы органда (Нұр-Сұлтан қ., Батыс Қазақстан обл., Шығыс Қазақстан обл., Қостанай обл., Қызылорда обл.) жүргізілді. Жалпы алғанда пилоттық жоба бірыңғай тәжірибені қалыптастыру, сатып алуды стандарттау, шығыстарды, оның ішінде функциялардың қайталануын болдырмау жолымен оңтайландыру сияқты оң нәтижелер көрсетті.
– Сатып алудың орталықтандырылған жүйесіне толық көшу пилоттық жобаның оң нәтижелерін және сатып алудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Мемлекеттік сатып алудың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. Сонымен бірге халықаралық сарапшылардың (ЕҚДБ) сатып алуды орталықтандыру аутсорсинг түрлерінің бірі болып табылатыны туралы пікірін назарға ала отырып, мемлекеттік сатып алудағы берілген институтты іске асыру және дамыту орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың аясында жүзеге асырылады, – деп атап өтті Бибігүл Ниетқалиева.
2021 жылдың басынан бастап бюджет шығыстарын оңтайландыру және бір көзден сатып алулардың үлесін азайту мақсатында білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу облыстық 4 басқарма бойынша құрылымдық мекемелерімен қоса мемлекеттік сатып алулар облыстық деңгейде өткізілуде.
– Барлық ведомстволар үшін әр бағыт бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алу жоспарлары жасақталды және сол арқылы әр басқарманың бытыраңқы лоттары жалпы конкурстық жиынға біріктірілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудағы ұсынылып отырған тәсілдеме тауарларды төмендетілген бағалар бойынша делдалдарсыз сатып алу арқылы бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджеттік ұйымдарды оларға тән емес функциялардан босатуға мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысы.
Сатып алулар «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы №159 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған тізімге кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, жуу құралдары, азық-түлік тағамдары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, құрылыс материалдары, электр тауарлары, сантехникалық тауарлар, қосалқы бөлшектер, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, жиһаз өнімі және күзет және өрт дабылы қызметтері, ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер(үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер), полиграфиялық қызметтері кіреді.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы 2015 жылдың қаңтарында құрылды. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес басқарма облыс аумағында мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталды. Басқарманың негізгі миссиясы – облыс аумағында мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін ұйымдастыруды және өткізуді орындау.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу