БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесі әрқашан өзекті. Әсіресе, жасөспірімдік кез – бұл барлық отбасы мүшелерін жан-жақты сынайтын, ересектерден даналық пен сауаттылықты талап ететін кезең. Қазір әр ата-ана баламен достық сенімді қалыптастыру күнделікті тынымсыз жұмыс екенін ұғынады.

2018 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 35-тен астам елде тиімділігін дәлелдеген «Берік отбасы» халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты кейіпкерлері – NIS қауымдастығының жаңа мүшелері – 7-сынып оқушылары және олардың ата-аналары. Тренингтің жеті бөлімі адам өміріндегі ең маңызды құндылықтарға – қалайша отбасы құндылығын сақтауға, арманға жетуге, күйзелісті жеңуге, қысымға қарсы тұруға, жақсы жетістік үшін көтермелеуге, «махаббат пен шектеуді» қолдануға, есірткі мен басқа да зиянды нәрселерден сақтандыруға болатынына арналған. Онлайн режимде аталған жоба «Біз – қарапайым отбасымыз» атауымен жалғасын табуда
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологы Ақтоты Қазбекова бәрі қалай басталғанын айтып берді. Психологтар мен кураторларды әлемнің үздік университеттері қатарындағы Oxford Brookes University өкілдері Дебби Ален және Линдси Кумбс арнайы оқытқан болатын. Жоба аясында ата-ана мен баланың бір-бірін жақсы түсінуі үшін психологиялық жаттығулар, техникалар, рөлдерге ену үшін арнайы «Ата-ана, ересек, бала» сессиясы өткізіліп, отбасылық өмірден алынған кейстер талданды. Ересектер жағдайды талдауға, балаларды қолдауға және олардың психологиялық жағдайларын білуді үйренсе, жасөспірімдер стрессті жеңуге және достарымен қарым-қатынасты жақсартуға арналған құралдармен танысты.
– Бағдарлама басталғалы біз 100 отбасыны оқыттық. Жоба балаларға да, ата-аналарға да толық психологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік берді, – дейді мектептің психологиялық қызметі.
Ата-аналар бағдарлама арқылы жинақталған тәжірибе балалармен диалог құруға және олардың тілектері мен қажеттіліктері туралы сөйлесуге мүмкіндік бергенін мойындайды. Әсіресе, бұл карантин кезеңінде өте маңызды болған.
– Ата-ана мен баланың арасындағы дұрыс, сауатты құрылған қарым-қатынас отбасындағы ауа-райына ерекше әсер етеді. Ата-анаға бала тәрбиелеу ісінде қандай тиімді қадамдар жасауы керек, отбасы ережелері мен құндылықтары сияқты тақырыптар біз үшін құнды болды, – дейді 7-сынып оқушысы Нұрдана Махамбеттің анасы Асылзада Машжанова.
Мектепте балаларды тәрбиелеудегі проблемалық мәселелерді шешуде білікті психологиялық көмек көрсетіледі, бұл «Берік отбасы», «Біз – қарапайым отбасымыз»,«Өзгермелі әлемдегі мектеп және отбасы» жобалары және түрлі тақырыптағы вебинарлар сериясы.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу