КЕЙБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР КАНИКУЛДА САБАҚ ОҚУЫ МҮМКІН
Оқу үлгерімі нашарлаған оқушылардың білімін көтеру үшін жеке оқыту, каникул кезіндегі сабақ секілді іс-шаралар қолға алынбақ
Білім және ғылым министрлігі карантиндік шектеулерге байланысты оқу үлгерімі нашарлаған оқушылардың білімін қалай көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.
«Үлгерім деңгейі төмен оқушыларға басымдық бере отырып, білімді қалпына келтіру шаралары жасалады. Жалпы, пандемияның салдарынан болған оқу сапасының кемшіліктерін жою үшін арнайы бағдарламаны жүзеге асырамыз», – деді білім министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.
Отырыс кезінде жарияланған жоспарға сәйкес, балалардың оқу үлгерімін көтеру үшін мынадай шаралар қабылданады:
- жеке оқыту, шағын топтармен жұмыс;
- оқу материалын қысқарту – негізгі тақырыптар пен пәндерге басымдық беру;
- оқу мерзімін ұлғайту – каникулдық мектеп ұйымдастыру, оқу уақытын ұзарту, сондай-ақ, демалыс күндеріндегі мектеп;
- қашықтан оқытуды дамыту – қашықтан оқу ережелері мен мектептерге қойылатын талаптар әзірлеу, цифрлық ресурстар енгізу.
Сонымен қатар, министр дарынды балаларды қолдау жұмысы жалғасатынын атап өтті.
Атап айтқанда, «Мың бала» жобасы жалғасады, республикалық олимпиаданың, президенттік олимпиаданың жаңа үлгілері енгізіледі.
Оған қоса, жуырда қабылданған заң аясында қосымша білім алуға кең мүмкіндік беру үшін мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде және жекеменшік ұйымдарда да орналасады.

https://sputnik.kz/society/20210311/16509931/okushylar-kanikul-sabak.html
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу