БИЫЛ ОРАЛДА №53 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛУЫ МҮМКІН
Орал қаласында биыл 53-ші мектептің құрылысы басталуы мүмкін. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова мәлімдеді. Қазір білім беру нысанының жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Жаңа нысан жұмысқа кіріскен сәтте үш ауысымды мектептер мәселесі толықтай шешілетін болады.

№53 мектеп Оралдағы Зачаган кентінде бой көтереді деп жоспарланған. Ал шаһарда апатты деп танылған №33 және №31 білім ошақтарының орнында су жаңа мектептер салынуда.
Атап өткен жөн мемлекеттік-жекеменшік серіктесті аясында инвестор қаржысына бой түзейтін №31 мектептің құрылысында кідіріс бар. Облыстық құрылыс басқармасының мамандары жұмыстар күн жылынысымен басталатынын айтты. Өйткені қазіргідей суық уақытта жер асты құбырлары мен жылу желілерін қозғау бірқатар проблемаларды тудыруы мүмкін.
Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан №33 ЖББОМ жұмыстар ретімен орындалуда. Құрылыс шамамен 65-70 пайызға орындалыпты. Оған тартылған жұмысшылардың саны – 50-ден асады. Ішкі әрлеу және сылақ жұмыстарына қосымша тағы еңбек күші тартылатын болады.
– Нысан 2021 жылдың 1-ші қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ондағы оқушылар осы аудандағы №2 мектепте білім алуда. Қосымша кабинеттер ұйымдастырылды. Мәселе жоқ,– деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу