ОРАЛДА «ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА» СПАРТАКИАДАСЫ ӨТЕДІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және «Амал мерекесіне» орай Орал қаласында ұлттық спорт түрлерінен «Ұлттық қазына» қайырымдылық спартакиадасы өтеді. Оған жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері командалық түрде қатыса алады.

Спартакиада 10 спорт түрі бойынша ұйымдастырылады. Спартакиаданың жүлдесіне облыстық мәслихат депутаты Т.Тлемісов 200 мың теңге демеуші болып отыр.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, спартакиадаға қатысудың басты шарты – команда жасақтау. Команданың бір мүшесі тек бір ойын түріне ғана қатыса алады. Команда жарысқа қатысу үшін 20 мың теңге жарна төлеуі тиіс. Жиналған жарна Ақсай қаласының тұрғыны арқадағы бұлшықет атрофиясына шалдыққан Эмира Шахмаровқа @emir_sma_aksay аударылатын болады.
– Біздің басты миссиямыз – Эмир балақайға көмектесу. Жарна 20 мың теңге деп бекітілгенімен, одан да көбірек берсе болады. Сондай-ақ жеңімпаздар ұтқан жүлделерін де Эмирге бере алады, – дейді ұйымдастырушы «Жас Отан» ЖҚ төрағасының орынбасары Ерлік Шамғалиев.
Жарыстар 12, 13, 14-наурыз күндері өтеді.
12 наурызда Асық ату, Бес асық, Тоғызқұмалақ сайыстары өтеді.
Басталу уақыты: сағат – 14.00. «Nur Otan» ғимараты. (Орал қ. Ж.Молдағалиев көшесі, 19).
13 наурызда Аударыспақ, Қазақ күресі, Садақ ату, Теңге ілу ойындары өтеді.
Басталу уақыты: сағат – 10.00. Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі. (Орал қ. Асан ауылы, Рабочая 1а.)
14 наурызда Ләңгі, Қол күресі, Арқан тартыс ойындары өтеді.
Басталу уақыты: сағат – 10.00. «Nur Otan» ғимараты. (Орал қ. Ж.Молдағалиев көшесі, 19).
Байланыс үшін ☎8-777-479-35-90 (Ерлік @jasotan_bqo) телефонына хабарласу қажет.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу