ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков нәзік жандыларды 8 наурыз — халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Онлайн форматта өткен кездесуге еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматшалары, әртүрлі салада қызмет ететін белсенді әйелдер қатысты.

– Қаламызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп-өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген алтын құрсақты аналар жеткілікті. Бүгінде шаһарымызда 4 мыңға жуық көпбалалы аналар бар. Олардың 103-і «Батыр аналар», 613-і «Алтын алқа», 930-ы «Күміс алқа» иегері. Қаламыздағы қыз-келіншектер үй шаруасы мен қызметтің әр түрлі жауапты міндеттерін орындауды шебер үйлестіруде. Мәселен, қазіргі таңда қалада 4 мыңнан астам мұғалім, 1200-дей медицина, 200-ге жуық полиция және 75 төтенше жағдай қызметкерлері әйелдер. Бұлар — ер адамдармен қатар қызметтерін адал атқарып жүрген нәзік жандылар. Сіздердің қоғамдағы орныңыз, ұрпақ тәрбиесі мен ел өміріндегі елеулі істерге үлесіңіз орасан, — деген шаһар басшысы Абат Абайұлы кездесуге қатысқан әйелдер қауымына ақ тілегін арнады.
Оларға волонтерлер арқылы құттықтау хат пен гүл шоқтары табыс етілді. Нәзік жандылар көрсетілген құрмет үшін қала әкіміне алғыс айтып, қаланың өркендеуіне тілектестіктерін білдірді.
Сондай-ақ қала басшысы ңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, арнайы құттықтады. Олардың ішінде Нәбия Сейітқалиева, Валентина Шарина, Балғаным Кәкімова, Ольга Исаева сынды ардагерлер бар.
Ақ жаулықты аналар көктемнің шуақты мейрамымен құттықтай келген қала әкіміне ризашылықтарын білдірді. Шаһар басшысы оларға ұзақ ғұмыр тілеп, гүл мен сый-сияпат табыстады.
zhaikuni.kz


Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу