БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ КОНКРУСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ халықаралық конкурсынан бастысқазақстандық төрт оқушы жүлделі орындарды иеленді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 1-3 наурыз аралығында қашықтан ZOOM платформасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XI халықаралық зерттеу жобалары конкурсы өтті.
Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков еліміздің қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстандағы роботтық механика, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы академик. Биыл конкурс Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді.
Конкурстың негізгі мақсаты – математика және механика саласындағы ғылыми – зерттеу саласына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс қашықтан онлайн режимде өткізілді.
Сайысқа Түркия, Индонезия, Франция, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан және Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысушылар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша www.webinar.daryn.kz платформасында жобаларын қорғады. Конкурстың республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысынан 8 оқушы қатысты.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, конкурс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Пиунов Александр, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Прохорова Алина, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей орда ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы «мектеп-бөбекжай» кешенінің 8-сынып оқушысы Наурыз Аружан және Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 8-сынып оқушысы Жасқайрат Аяулым ҚР Білім және ғылым министрінің II дәрежелі дипломымен және күміс медальмен марапатталды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу