8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2021 1503 0
Өзек

СУ ТАСҚЫНЫ БҚО-ДАҒЫ 85 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ҚАУІП ТӨНДІРУІ МҮМКІН

Көп жылдық мониторингке сәйкес Батыс Қазақстан облысы  бойынша 36 мыңнан астам халық тұратын 85 елдімекен су тасқыны қаупіне ұшырайды. Ең қауіпті аумақтар – Орал қаласы, Тасқала, Казталов және Бәйтерек аудандары. Көктемгі су тасқыны қардың қарқынды еруімен байланысты айтарлықтай жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев су тасқынын алдын алуға дайындық туралы айтып берді. 

Департамент бастығының сөзінше, елдімекендерді су басу қаупінің 3 деңгейі анықталып отыр. Өңірде  су басудың жоғары деңгейі 27 елді мекенге қауіп төндіреді, 50 елдімекенге  орташа деңгейде қауіп бар. Ал сегіз елдімекенге  төменгі деңгейде  қауіп болады.

Облысымызда көктемгі су тасқыны ірі трансшекаралық өзендердің табиғи ағынына ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясының аумағында орналасқан су қоймаларынан жібірлетін су көлеміне де байланысты. Осы мақсатта РФ әріптестерімен, атап айтқанда Саратов және Орынбор облыстарымен су тасқыны жағдайы бойынша Ириклин және Варфоломеев су қоймаларын қауіпсіз және өзара тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара болжамдық және жедел ақпарат алмасу тұрақты негізде жүргізіледі.

Бүгінгі таңда «Қазгидромет» филиалының мәліметі бойынша қардың максималды биіктігі 31 см құрайды, топырақтың қату көрсеткіші 35-69 см. Утва, Чижа-2, Өлеңті және Шідерті өзендерінің бассейндерінде ылғал қорының көлемі қалыптышегінде, Деркөл және Шаған өзендерінің бассейндерінде көп жылдық көрсеткіштерден 13-16 пайызға төмен. Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда. Су тасқынының соңғы болжамы наурыздың бірінші онкүндігінде күтіледі.

Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының аумағында іс-шаралар кешені жүргізілуде. Облыс әкімі 2021 жылғы су тасқыны кезеңіндегі ТЖ алдын алу жоспарын бекітті. ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізіліп, тасқын суларды апатсыз өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау туралы облыс әкімінің өкімі жіберілді, су тасқыны жағдайының ықтималдығы көрсетілген картасында облыс әкімінің шешімі әзірленді, облыстық, қалалық және аудандық су тасқынына қарсы комиссиялар мен штабтар құрылды. Мүдделі қызметтердің мамандары су тасқыны кезеңінде еріген қар суымен басу қаупі бар учаскелерін тексеру жүргізуде.

– Су тасқыны кезеңінің бірінші кезеңі еріген қар судың өтуі болып табылатынын ескере отырып, бірінші кезекте аула аумақтарын, көшелер мен әлеуметтік, коммуналдық объектілер аумақтарын еріген қар суы басу қаупі туындайтынын атап өту қажет. Еріген қар суымен басу себептерінің бірі – қарды уақтылы жинамау. Осыған байланысты, облыс тұрғындары, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары аулалардан және көрші аумақтардан қар шығару жұмыстарын жүргізіп, еріген судың еркін ағуы үшін арықтар жасауы қажет. Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін шатырларды қардан және сүңгілерден тазарту жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Жасұлан Қыдырғожаұлы.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес аумақты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде қарды уақтылы жинамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бүгінгі күні облыста аумақты абаттандыру барысында қарды уақытылы жинамау фактілері бойынша 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»