8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Ақпан 2021 1221 0
Қоғам

БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЕНГІЗУ ІСКЕРЛІК АЛАҢДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Жаңақала колледжінде «Жас маман» жобасы аясында  «Жас маманға – жаңаша көзқарас» атты іскерлік алаң ұйымдастырылды.  

Іскерлік алаңда Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалы және колледждің әлеуметтік серіктестіктері бас қосты.

Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу мақсатындағы «Дәнекерлеу ісі» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша қатысушылар еркін микрофонда пікір алмасты, өз ойларын ортаға салды.

Шара барысында БҚО білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығының директорының орынбасары Нұрлан Сабыров қазіргі кезде еліміздің экономикасының қуатын арттыру үшін еңбек нарығына білікті кадрлармен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сондықтан кәсіптік білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту, заман талабына сай білім алушылардың білім-білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, халықаралық стандарттағы ең озық технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыстанған бітіруші түлектер, болашақта тәжірибелі маман болып, жұмыссыз қалмауына септігін тигізу.

Іскерлік алаңда  колледждің жаңа құрал-жабдықтарымен таныстыру арқылы өндірістік сабақтан шеберлік сыныптар өткізілді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
98 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
74 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»