8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2021 3225 0
Дені сау ұлт

МӘМС: ЖЕҢІЛДІК САНАТЫНДАҒЫЛАР САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕСІН «QOLDAU 24/7» МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ АЛА АЛАДЫ

Егер жеңілдікті санатқа жатқызылған азаматтардың мәртебесі сақтандырылмаған болса, олар тиісті құжаттарды «Qoldau 24/7″мобильді қосымшасына жүктеу арқылы сақтандыру мәртебесін ала алады.

15 жеңілдетілген санаттағы азаматтар үшін мемлекет жарна төлемдерін жүргізеді.

Олар: балалар; жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі); жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар; зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; жұмыс істемейтін оралмандар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан студенттер; жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Алайда, олар өздерінің мәртебесін нақтылауы керек.

– Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі-халықтың сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуін мониторингтеу және олардың құқықтарын қорғау. Халық жаңа жүйені әлі толық игермегені байқалады. Мысалы, науқас, егер оның құқықтары бұзылса, қайда бару керектігін білмейді. Сондықтан арнайы қосымшалар іске қосылды. Осының есебінен біз келіп түскен өтініштерді уақтылы қарап, жылдам шешім таба аламыз. Сондай – ақ, біз пациенттер үшін сала мамандарынан кеңес алу мүмкіндігін қарастырдық, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.

МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан барлық сақтандырылған тұлғалардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділікке негізделген. Яғни, қажеттілігіне қарай төлейтін әрбір азамат МӘМС шеңберінде медициналық көмекке жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
782 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
763 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»