БҚО-ДА 3000-НАН АСА АБОНЕНТ ЭЛЕКТР ҚУАТЫНСЫЗ ҚАЛДЫ
БҚО аумағында кешелі бері боран соғып тұр. Көрінудің нашарлығы 50 метрге дейін. Ауа райының нашарлауына байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел әрекет ету және ведомствоаралық өзара іс-қимыл ұйымдастыру үшін 55-40-88 нөмірлі қауырт желі бойынша облыстық жедел штаб құрылды. Ағымдағы жағдай және төтенше жағдайларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы БҚО ТЖД хабарлады.

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша БҚО аймағында дауылды ескерту жариялады. Ауа-райының нашарлауына байланысты 11 жол учаскесі жабылды. Оның бесеуі респулбликалық маңыздағы жолдар (Самара-Шымкент 251-526 км, Атырау-Орал, Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы, Орал-Тасқала-РФ шекарасы, Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекаарсы) және 6 аймақтық маңызы бар жолдар (Тасқала-Аққурай-Болашақ- РФ шекарасы, Үлкен Шаған-Переметное, Орал-Кирсаново, Ақсай-Бөрлі , Ақсай -Шыңғырлау, Ақсай-Жымпиты). Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар бойынша жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.
Аймақтың жылу пунктіне 5 адам орналастырылды. Апаттық-құтқару жұмыстарына 77 адам мен 50 техника жұмылдырылды.
Бүгін сағат 10.30 бен 13.30 аралығында қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды, оның біреуі бала.
Облыстың 8 ауданындағы 24 елдімекен бойынша 3112 абонент электр қуатынсыз қалып отыр. Электр желісінің үзілістерін қалпына келтіру үшін энергетиктерге көмек ретінде департамент тарапынан Бәйтерек ауданына ауыр бронды шынжыр табанды тасымалдаушы трактор берілген. Сондай-ақ Тасқала ауданындағы авариялық құтқару жұмыстары тобына Оралдан қосымша екі техника жіберілген.
Халыққа ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы СМС хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы хабарлама жіберілген. Төтенше жағдайлар министрлігінде және БҚО төтенше жағдайлар департаментінде жедел штабтар жұмысын жалғастыруда, жедел желі жұмыс істейді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу