БҚО-ДА ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫНАН 6 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Қайғылы жағдай бүгін, 22 ақпан күні Атырау-Орал тасжолының бойында Ақжайық ауданының Атамекен және Алмалы ауылдарының аралығында болған. Оқиға туралы ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал.қ) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабар түскен.

Атырау-Орал тасжолының 259 шақырымында «Лада Приора» және «Тойота Королла» маркілі 2 көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 ер адам мен 4 әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. БҚО ТЖД құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен марқұмдардың денесін көліктен алып шықты.
Ал «Тойота Королла» автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауылдық ауруханасы жеткізілген 1978 жылғы азаматтың жақ сүйектері сынған, іш қуысына зақым келген.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері БҚО аумағында 29 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты салдарынан 14 адам қайтыс болды, 61 адам жарақат алды. Осы ретте Полиция қызметкерлері жүргізушілерден қозғалыс кезінде мұқият болуды, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу