ОТАНДЫҚ МАМАНДАРДЫҢ КВАЛИФИКАЦИЯСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтты.

БҚО әкімі баян еткендей, Елбасының бастамасымен жарияланған республикалық «Biz Birgemiz» акциясы аясында 30 мыңға жуық жерлесіміз материалдық көмек алған. Елдегі пандемияға байланысты облыс тұрғындарына мемлекет және демеушілер тарапынан 17 млрд. теңгеге жуық әлеуметтік қолдау көрсетілген. Оған қоса 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек алған.
Сондай-ақ пандемия кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жұмыспен қамту жол картасы» өңірлерде бірқатар нысандарды күрделі жөндеуден өткізіп, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Облысымызда 33 білім беру, 16 денсаулық, 12 мәдениет, 5 әлеуметтік, 2 спорт нысаны жөнделіп, 75 шақырым жол, 146 шақырым газ және 50 шақырым инженерлік желілері салынды. Осы нысандарды жөндеу жұмыстарына 8 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 762 адам техникалық және кәсіптік білім алуға жолданды, 355 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды, әртүрлі санаттағы адамдар 1113 кредитке қол жеткізді, 2034 адам жаңа бизнес-идеяларға гранттар алды, 836 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1870 жас жастар практикасына, 8418 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды.
Жалпы өткен жылы 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылса, соның 60 пайызы – тұрақты жұмыс орындары.
– 2020 жылы барлық аудан әкімдеріне шаруа қожалықтарында еңбек ететін азаматтарды ресми тұрде тіркеу жұмысын жұргізуді тапсырған болатынмын. Бүгінгі таңда 1106 жұмысшы шаруа қожалықтарына тіркеліп, еңбек қатынастарын заңдастырды. Сонымен қатар, Қарашығанақтағы шетелдік жұмыс күшін талдай келе, көптеген жұмысшы мамандар шет елден тартылатынына көз жеткізілді. Бұл позицияларды жергілікті мамандармен жабу үшін отандық мамандардың квалификациясын арттыруымыз қажет. Осы мәселені шешу үшін КПО б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялары есебінен Ақсай колледжінің негізінде құрал-жабдықтар алып, арнайы оқыту орталығын ашатын боламыз, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу