БҚО-ДА БИЫЛ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН БЕРУ БАСТАЛАДЫ
Бұл туралы бүгін, 20 ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуінде облыс басшысы Ғали Есқалиев мәлім етті.

Өткен жылы облыста жалпы ауданы 529 мың шаршы метрді құрайтын 4838 пәтер пайдалануға берілді. Соның ішінде кезекте тұрғандарға арналған 527 пәтер, көп пәтерлі отбасыларға арналған 53 пәтер ұсынылды. 2021 жылы кезекте тұрғандарға Орал мен Ақсай қалаларында 1126 пәтер, ауылдық жерлерде 640 пәтер салу жоспарланған.
Облыста тұрғын үйге сұраныс жоғары. Азаматтардың Орал қаласында салынып жатқан көппәтерлі түрғын үй құрылыстары туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасысз ету үшін www.uralsk.smartmap.kz веб-сайты жасақталды. Дәл осындай сайт енді Ақсай қаласы бойынша дайындалмақ.
Биыл көктемде Орал қаласында «Ақжайық» шағынауданының құрылысы басталады. Есептік жиында облыс басшысы инвесторларды әлеуеті жоғары жаңа шағынауданда құрылыс жүргізуге шақырды.
– Екі жергілікті инвестор бар және басқа өңірлердің құрылыс компаниялары өтініштерін білдірді. Әлеуеті жоғары жаңа шағынауданда құрылыс жүргізу үшін инвесторларды жер алуға шақырамын. Барлық рәсімдер ашық, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының www.aqjaiyq-spk.kz ресми сайтында барлық мәліметтер бар. Сондай-ақ биыл жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 1800-дей жер уческесі берілмек. Олар – Қаратөбе, Федоровка және Круглоозерный ауылдары аумағынан берілетін болады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу