БҚО-ДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 83 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев мәлім етті.

Облыста 1 қаңтар мен 18 ақпан аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 3 191 жағдай тіркелген, оның ішінде 2 049 жағдайда ауру белгілері бар болса, 1 142 жағдайда ауру белгілері жоқ.
1 ақпаннан бері COVID-19 инфекциясы бойынша 1354 жағдай анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 654 адамда, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 450 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 159 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 91 адамда анықталған.
1 ақпаннан КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 1990 адам анықталып, медициналық бақылауға алынды.
– Кәсіби құрамы бойынша тіркелген жағдайлардың 31,9 пайызы жұмыс істейтін адамдар арасындағ 26,8 пайызы – зейнеткерлер, 23,1 пайызы – жұмыс істемейтіндер, 7,2 пайызы – оқушылар және мұғалімдер, медицина қызметкерлері, студенттер, балабақша тәрбиешілері, балалар арасында да анықталып отыр. Облыс бойынша өткен тәулік ішінде, 18 ақпанда коронавирустық инфекциямен 83 жағдай тіркелді, – деді М.Арыспаев.
Оқу жылы басталғалы COVID-19 инфекциясы мектепте дәстүрлі форматта оқитын 212 оқушыда, қашықтан оқитын 209 оқушыда, барлығы 421 оқушыда анықталды. Үшінші тоқсанда (11 қаңтардан бастап) оқушылар арасында COVID-19 инфекциясы 207 (114-дәстүрлі форматта, 93-қашықтан оқитын) оқушыда анықталды. 12-18 ақпан аралығында қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 4 мектеп карантинге жабылды.
Айта кетейік, індет басталғалы Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың 12 412 жағдайы тіркелді. Індеттен 9 970 адам сауығып, 199 адам қайтыс болды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу