ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ БАСПАНАҒА ЖЕТЕ МЕ?
Зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға өтініштер қабылдануда. Батыс Қазақстанда зейнетақы қорындағы қаржы қоры жеткілікті 26 мыңнан аса тұрғынның осы мүмкіндікті пайдануға құқығы бар.

Айта кететін бір жағдай бұл мүмкіндікті екінің бірі пайдалана алмайды. Кем дегенде 10 жылдан аса еңбек өтілі мен 300 мыңнан аса жалақы алатындар ғана жинақ қаражатының бір бөлігіне ие бола алады. БЖЗҚ БҚОФ директоры Қайрат Ихсановтың айтуынша барлығы 5101 тұрғыннан өтініш түссе, солардың 3179-на тұрғын үй жағдайын жақсартуға рұқсат берілген.Алушының меншігінде тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы төлемдерін алудан және пайдаланудан бас тартуға негіз болмайды.
Ескерте кетейік, зейнетақы шотындағы қаражат қолма-қол ақша ретінде берілмейді. Сондай-ақ зейнетақы жинағы алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға берілмейді.Біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті 5 жыл ішінде сатуға болмайды. Егер мүлік сатылатын болса, біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын қайтаруға тура келеді. Бүгінде облыс халқының зейнетақы қорында – 19 млрд. 782 млн. теңгеден аса қаражат бар.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу