Ұлттық банк қандай өнімдер ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
Ұлттық банк 2021 жылдың қаңтарындағы инфляция үрдістері бойынша шолу жариялады.
Ұлттық банк мәліметінше, 2021 жылы қаңтарда инфляция 0,6 пайыз болды, жылдық көрсеткіш өткен жылғы желтоқсандағы 7,5 пайыздан 7,4 пайызға дейін сәл баяулады.
«Инфляцияға негізгі үлесті азық-түлік тауарларына бағаның өсуі қосады, қаңтарда 11,4 пайызға дейін аздаған үдеу тіркелді. Күнбағыс майының (38,6 пайыз, ж/ж), қанттың (34,9 пайыз), жұмыртқаның (27,2 пайыз), көкөністердің (16,0 пайыз) одан әрі қымбаттауы байқалды. Жылдық дефляциялық динамика күрішке(-1,0 пайыз), құс етіне (-0,4 пайыз) сақталды», — делінген есепте.
Ұлттық банк өсімдік майы бағасы неге жоғары екенін түсіндірді.
«Ішкі нарықта күнбағыс майын өндіру 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда іс жүзінде өзгерген жоқ, алайда импорт көлемі қысқарды және экспорт өсті. Отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінде соңғы айларда майлы дақылдардың, сондай-ақ жеке жылыжай көкөністері мен картоптың қымбаттауы байқалды», — деді банк сарапшылары.
Ақпарат бойынша, азық-түлікке жатпайтын жылдық инфляция 2021 жылғы қаңтарда 5,3 пайызға дейін баяулады.
«Инфляция құрылымында азық-түлік емес тауарлардың көпшілігі қалыпты өсу қарқынын көрсетті. Дәрі-дәрмектер мен жеке тауарлар бағасының өсуі біршама баяулады. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының қымбаттауы байқалды. Әлсіз сұраныс жағдайында, сондай-ақ өткен жылғы қаңтарда бензинге акциздер өскен кездегі жоғары базаны қоса, бензин (-0,2 пайыз) және дизель отыны (-7 пайыз) бағаларының дефляциялық серпіні тіркелді», — делінген хабарламада.
Ал ақылы қызметтер бағасының жылдық өсуі 4,1 пайызға дейін баяулаған
«Реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсу қарқынының 2020 жылғы желтоқсандағы 1,6 пайыздан қаңтарда электр энергиясы бағасының төмендеуі нәтижесінде 1,2 пайызға дейін баяулады.
Сонымен қатар, қаңтарда сұраныстың төмендеуіне және өткен жылдың жоғары базасына байланысты көлік қызметтері бағасы өсуінің баяулауы жалғасты. Атап айтқанда, автомобиль көлігі қызметтерінің үлесі төмендеді, әуе көлігі қызметтеріне дефляциялық динамика сақталды. Сонымен қатар, сервистік инфляцияға тұрғын үйді жалға алудың қымбаттауы (12,1 пайыз, ж/ж) жоғары үлес қосты», — делінген Ұлттық банк шолуында.

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу