12 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕТЕЛГЕ ЖҰМЫСЫН АУЫСТЫРҒАН
Соңғы бір жылда елде эмиграция артқан. Өткен жылдың үш тоқсанында басқа мемлекетке жұмыс іздеп кеткендер саны 12 мыңға жуықтапты. Бір қызығы шетел асқан жұмысшылардың дені 15 жылдық тәжірибесі бар мамандар. Мұндай статистиканы Ranking.kz мониторингтік агенттігі келтіріп отыр. Отандастарымыздың шетелге құмартуына не себеп? Елдегі жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы қатынас қандай?
Шекара асып өзге мемлекетке қоныс аудару да, сырттан көшіп келу де әлемдік трендке айналған сияқты. Бірнеше қыры бар. Оқуды былай қойғанда, көшіп кететіндердің көпшілігі тіршілігін түзей алмағандар. Ал мықты мамандар, бюрократия мен коррупциядан шаршаған.
Абай ҚАЛИМОВ, КӘСІПКЕР: Шетелге көшетін адамдар екі түрлі мақсат қояды. Бірі өмірін өзгерткісі келетін болса, екіншісі финанс жағдайын жақсарту үшін барады. Өзім осы екі жылда кәсіп ашып, бірнеше фильм және рекламаларға түстім. Бұл маған шетелдің берген артықшылығы деп ойлаймын. Дамыған елдердің мықты жоғары оқу орнында оқығандар да, сонда қалуды құп көреді. Дегенмен елге оралып, табысты жұмыс істеп жатқандар да бар. Сондай-ақ, бізге келіп, жап-жақсы бизнес жүргізіп жүрген шетелдіктер де жетеді. Мәселен, Бақытжан Төрімбет екі жыл бұрын Англиядан білім алып келді. Ол жұмыс істеймін деген азаматқа елде толық жағдай жасалған деп отыр.
Бақытжан ТӨРІМБЕТ, «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Қалып қоюға болатын еді. Бірақ, бәріміз қала берсек не боламыз? Сондықтан алған білімді осында қолданып, елге қызмет етуді мақсат етіп келдім. Сонымен, елден қоныс аударушылардың күрт өсуіне не себеп?! Мамандар мұны соңғы үш жылда экономикалық ақуалдың күрделенгенімен байланыстырады. Тиісінше бұл халықтың әл-ауқатына да әсер етеді. Ендеше эмиграцияның артуын әдеттегідей табиғи құбылысқа жаба салу қисынсыз дейді сарапшылар.
Айдар ӘЛІБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Мұндай құбылыс бұрыннан бар. Әсіресе қазір, дағдарыс кезеңінде елдегі ахуал қиын. Әрі мамандар өз білімін қолдануына мүмкіндік аз. Ақша көлемін айтпаса да белгілі. Ертеңгі күнінен күдікпен қарайтын көптеген азамат осындай қадамға баруға мәжбүр. Ресми дерекке сенсек, шетел асқан жұмысшылардың басым бөлігін – медицина мамандары құрайды. Заңгерлер мен құрылысшылар да, ауыл шарушалығы өкілдері де көшіп кеткендердің алдыңғы қатарынан орын алған.
Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ: «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар» Біз сөзге тартқан кейіпкерлер де, мамандардың да пікірінен «сананы тұрмыс билейді» дегенді ұққандаймыз. Қарапайым халық азық-түлік бағасының қымбаттап, импорттық тауарлар құнының қатты өскенін айтады. Демек, әлауқатты жақсартар нақты шараларға көшкен абзал.

https://astanatv.kz/kz/news/59581/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу