БИЫЛ ОРАЛДА 50 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ
50 ауланың жаңғыртылуы – 2021-2023 жылдарға арналған Орал қаласындағы аулаларды кешенді абаттандыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақ. Аулаларды абаттандыруда тұрғындардың ұсыныс беруге мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін, 16 ақпан күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков халықпен онлайн есептік кездесуде айтып берді.

– Биыл біз қаладағы аулалармен жұмыс істеудің жаңа тәсілін анықтайтын бағдарламаны бастадық. Бұл – 2021-2023 жылдарға арналған Орал қаласындағы аулаларды кешенді абаттандыру бағдарламасы. «Есту мемлекеті» тұжырымдамасы шеңберінде тұрғындардың аулаларын кешенді жақсартуды жобалау және жүзеге асыру әдістемесін жасауға қатысу идеясын жүзеге асырамыз. Ол үшін тұрғындардың ауланы абаттандыруға бірігуге деген ұмтылысы қажет және uralsk.smartmap.kz сайтында бағдарламаға қатысуға өтініш беруге болады. Биыл осы бағдарламаға сәйкес 50 аула абаттандырылады, аулалар мен шағынаудандарда 20 көпсалалы спорт алаңдары салынады, – деді қала әкімі.
Қазіргі таңда қалада 54 тынымбақ пен алаң бар. Биыл С.Датов көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы тынымбақ құрылысы аяқталады. Жәңгір хан көшесінен қаланың орталық аудандарына дейін велосипед және жүгіру жолын, қалалық мәдениет және демалыс саябағынан бастап Шаған өзенінің бойымен Исатай-Махамбет көшесіне дейін жаяу жүру аумағын салу жоспарда.
Сондай-ақ Омега көпірінің астындағы қоғамдық кеңістік абаттандырылады. М.Мөңкеұлы көшесі бойындағы тынымбақты абаттандыру аяқталады. Бұл тынымбақты абаттандыру аясында жүгіру жолын салу да қарастырылған.
Сонымен қатар биыл қаладағы мәдениет және демалыс саябағы негізінде «Саябақтар мен алаңдар дирекциясын» құруды жоспарланған. Қала әкімінің айтуынша, дирекция қаладағы қоғамдық кеңістіктерді мақсатты пайдалануды жүзеге асырады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу