ҚАЗАҚСТАН «СПУТНИК V» ВАКЦИНАСЫН РЕСМИ ТІРКЕУГЕ АЛДЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Сараптама комиссиясы Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қауіпсіз, сапасы мен тиімділігі жоғары деген қорытынды шығарды. Яғни, Қазақстан ресейлік “Спутник V” вакцинасын тіркеген 27-інші ел. Бұл мәліметті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

⠀
Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусқа қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеудің бекітілген қағидаларына сәйкес Сараптама комиссиясы Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының, медицина, биология, микробиология, иммунология және эпидемиология саласындағы медициналық және бейінді ұйымдардың мамандары мен сарапшыларынан, сондай-ақ биоэтика жөніндегі орталық комиссияның өкілдерінен құрылды.
⠀
2021 жылғы 15 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ДЗСҰО-ның 2021 жылғы 13 ақпандағы қорытындысы негізінде Гам-КОВИД-Вак вакцинасына тіркеу куәлігін берді.
⠀
“Вакцинаны тіркеу нәтижесінде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін халықты жаппай вакцинациялауға және ұжымдық иммунитет қалыптастыру процесін жеделдетуге мүмкіндік туады”, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу