ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН.ТЕҢГЕДЕН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ
Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңгеден астам қаражат беру ұсынылды.
Қалалық мәслихат шешімінің жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды. Әлеуметтік көмек көрсету ережелері бойынша, астаналық ардагерлерге 67 айлық есептік көрсеткіш (195 439 теңге) көлемінде төлем берілуі керек. «Сондай-ақ осы жылы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 805 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады. Осылайша, 26 ардагерге 1 000 439 теңгеден (2 300 доллар Sputnik ) беріледі», – деп жазылған шешім жобасына түсініктеме хатта. Шешім жобасы мақұлданған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 18 миллион 194 мың теңге бөлу қажет болады.
Жоба 2021 жылдың 26 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. Айта кетейік, 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығын тойлауға байланысты Нұр-Сұлтанда 44 ардагерге бір миллион теңгеден берілді. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлері және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (405 адам) 75 мың теңгеден үлестірілді. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілгендерге, сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болға ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне (3 529 адам) 32,5 мың теңгеден берілді. Жеңістің 75 жылдығында жасалған төлемдердің жалпы сомасы 190,3 миллион теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу