8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2021 1209 0
Қалалықтар қаперіне

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

Жылымайтын мүлікті нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тіркеуге болады. 


Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;

ХҚО операторына келесі құжаттарды ұсыну:
сатып алу- сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз:
Мүліктің техникалық паспорты;
Мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан);
Некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі;

Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:
Сату жөніндегі шешім;
Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі;

Есіңізде болсын!
ХҚО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісім-шартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс.
Жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзі келеді.

Қызмет құны (тұрғын үй үшін) – 1 202 теңге
Есіңізде болсын!
Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді.
Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.

Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
173 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
363 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
352 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»