8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 1302 0
Қоғам

2023 жылға қарай мұғалімдер ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ға ӨСЕДІ

2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өседі, – бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен онлайн форматта өтіп жатқан фракцияның кеңейтілген отырысында айтты.

Күн тәртібінде Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасы талқылануда.

Еліміздегі барлық балаға жақсы тәрбие мен сапалы білім алуға бірдей жағдай жасалады. Әр баланың құқығының қорғалуына кепілдік беріледі. 3-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтылады, – деді Үкімет басшысы.

Мамин отырыста айтқандай, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешу үшін 800 мектеп салынады. Биыл 200 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

2025 жылы ауыл мектептері интернетпен, компьютерлермен және оқу процесін ұйымдастыруға қажетті басқа да жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай екі есеге, яғни 330 мың теңгеден артады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайызға өседі, – деп атап өтті ол.

2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100% қамтылады.

https://baq.kz/news/othernews/2023-zhylga-karay-mugalimder-zhalakysy-tagy-25-ga-osedi/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
157 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
345 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»