8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 1198 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА АРНАЛҒАН «Б» ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарласа, «Б» жоспары дайын екенін екенін айтты, деп хабарлады zakon.kz.

 

Бүгін, 12 ақпан күні «Nur Otan» партиясы фракцияның кеңейтілген отырысында парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин экономика министрінен  резервтік жоспар туралы сұрады.

– Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысында ШОБ 31,7 пайызды құрады. Алдын ала мәлімет бойынша 2020 жылы – 28,5 пайыз. Бұл орайда, сұрақ жоқ, түсінікті, шағын және орта бизнестің  төмендеуі   коронавирус пандемиясына байланысты шектеу шараларының әсері. Бірақ, сайлауалды бағдарламада 2025  жылға 35 пайызға көтеру туралы нақты көрсетілді. Егер 28,5 пайыздан десек, бұл 6 пайыз. Біз коронавирус пандемиясы әлі қандай боларын білмейміз, экономика қанша уақытта қалпына келетінін білмейміз және кедергі келтіретін жаңа теріс факторлар болатынын да білмейміз. Партиямыздың төрағасы және мемлекет басшысы бізде  «Б» жоспары болуы керек екенін айтты. Егер біз қандай-да қосымша соққыларға тап болсақ, сіздерде қосымша әрекет  жоспары бар ма? – деп сұрады Н.Нығматуллин.

Сұраққа жауап берген Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлаған жағдайға жоспар бар екенін атап өтті. Оны үкімет Ұлттық банкпен және қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген.

– «Б» жоспары халық пен бизнеске қажетті қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жедел антициклдық шаралар жиынтығын қамтиды. Егер коронавирустың таралуы, мұнай бағасының жоғары құбылмалылығы және басқа да сыртқы жағдайлар сияқты факторлар болса, жоспар іске қосылады, – деп түсіндірді министр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»