ОРАЛДА ҰРЛАНҒАН ЕКІ КӨЛІК АТЫРАУДА САТЫЛҒАН
Оралда жыл басынан бері 8 мәрте көлікті айдап кету актісі тіркелген. Мәселен, жуырда оралдық полиция қызметкерлері айдалып кеткен қос көліктің Атырау өңірінде сатылып үлгергенін анықтады.

Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 қаңтардан 24 қаңтарға қараған түні Орал қаласы О.Исаев көшесіндегі 5-қабатты үй ауласында тұрған қара түсті көлік ұрланған. Көлік иесінің сөзінше, 23 қаңтарда сағат 21.00-де үй ауласына айдап әкеліп қойған. Таңмен көлікті орнынан таппай қалған. Ал 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні Т.Масин көшесіндегі бір балабақшаның қасынан тағы бір көлік қуылып, айдалып кеткен.
Осы екі көлікті айдап кету фактісін дереу ашу үшін Абай Полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктілерді іздеуге шықты. Кәсіби шеберлігі шыңдалған, қырағы жедел уәкілдер 8 ақпанда күдікті екі тұлғаның сұлбасын анықтады. Ізінше деректерін тапты. Олардың бірі Атырау облысының, екіншісі Батыс Қазақстан облысының тумасы екен. Осы күдіктілерді құрықтау мақсатында Абай Полиция бөлімінің қырағы 3 қызметкері Атырау қаласына барып, жедел-іздестіру шараларын қолға алды.
Сақшылар Атырау қаласына іргелес шеткі ауылдардан екі күдіктіні түн жарымында ұстады. 1992, 1994 жылғы жігіттер екі көлікті қуып айдап кеткенін, екі көлікті де сатып жібергендерін толықтай мойындады. Бұл аз дегендей, көлік ішінен автомагнитолла ұрлаған. Күдіктілердің бұған дейін де айыпты болғандары, өзге де жеке бас деректері нақтыланды.
Бүгінгі күні 2 күдікті Орал қаласы Полийия басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты екі көлікті айдап кету, бір ұрлық, бір дене жарақатын келтіру фактілері бойынша 4 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Көлік иелеріне 600-800 мың теңге көлемінде және 200 мың теңге көлемінде материалдық залал келді.
Атырау қаласына қуылып кеткен көліктерді Абай Пб жедел уәкілдері таңға жақын Орал қаласына жеткізді. Көліктер өз иелеріне қайтарылады.
Ал өзгенің мүлкін пайдаланып, оңай ақша таппақ болғандар заң алдында жауапталады.
Өткен жылы қалада 88 көлікті айдап кету фактісі, 15 көлік ұрлығы тіркелді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу